«ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

51

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында мемлекеттік қызмет органдары мекемелерінің кәсіподақ белсенділерін құттықтауға арналған жиын өткізілді.

Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, «Қызмет» салалық кәсіподағының және Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.

Атап айтқанда:

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының хатшысы Айнур Келгенбекқызы Жалмурзаеваға «Орта Азия елдерінің 2023 жылғы үздік ұжымдық шарты» республикалық байқау-конкурсына белсене қатысқаны үшін, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Даулеталиннің «Алғыс хаты» табысталды.

«Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы — бөлім басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асылан Жумабайұлы Келимбетов «Қызмет» салалық кәсіподағының «Кәсіподақ қайраткері» медалімен марапатталды.

«Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгілерімен: Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мусабай Ержан Сапарбекұлы және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің Респонденттермен мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сейтбекова Айнур Аскербекқызы марапатталды.

«Қызмет» салалық кәсіподағының «Құрмет грамоталарымен»: Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алеева Рахима Самедқызы, Шымкент қаласының мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді дамыту және архивтермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мамадьярова Шолпан Темербекқызы, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының машина-трактор саласын реттеу бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Рахматуллаев Абылайхан Мұхтарұлы, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлімінің басшысы Орымбаев Мақсат Мұсаханұлы марапатталды.

«Қызмет» салалық кәсіподағының «Алғыс хаттарымен»: Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының статисті, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Құрманбекова Алина Аскарқызы, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қосжанов Дархан Қанатұлы марапатталды.

Филиалдың «Еңбек озаты» төс белгілерімен: Шымкент қаласының дін істері басқармасының Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру бөлімінің бас маманы-консультанты Шукен Карлыгаш Тұрсынқызы, Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаменті, шарттарды тіркеу бөлімінің басшысы маманы Ергешова Ауескүл Тұрсынбайқызы, Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы Байтенов Даулет Бағланұлы марапатталды.

Филиалдың «Құрмет грамотасымен»: Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының бас маманы Нәлібеков Нұрбек Қасымханұлы марапатталады.

Филиалдың «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының әдіскері Сәдуақасова Әсем Азаматқызы марапатталды.