ШҰБАРСУ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ

63

Бастауыш партия ұйымы — «AMANAT» партиясының негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды.

Бастауыш партия ұйымының мақсаты – партияның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіру және іске асыру, сондай-ақ партия мүшелері мен жоғары тұрған партия құрылымдарының арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсатта «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалында, Шұбарсу бастауыш партия ұйымының арнайы жиыны өтті.

Кездесуге аудандық партия филиалының төрағасы Әлиасқар Байдуллаұлы қатысты, ал Шұбарсу бастауыш партия ұйым төрағасы Қабылбеков Сәрсенбек Құдіретұлы БПҰ тарапынан 2024 жылы атқарылған және атқарылатын жұмыстар бойынша баяндап өтті.

Бердімұрат Әлиасқарұлы бастауыш партия ұйымы жарналардың уақытылы жиналуын қамтамасыз етіп, жоспардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуіне назар салып, жүйелі жұмыстарды жолға қою қажет екендігін жеткізді. Сонымен қатар партияның сапалық құрамын арттыра отырып жұмыстар жүргізуді тапсырып, партияның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін бірлесе орындауға шақырды.