Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ойынның маңызы қандай?
Түркістан облысының тұрғындарының назарына ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау, қоғамдағы инклюзияны, барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру жөнінде ақпараттарды ұсынамыз. Қазіргі кезде мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу оның қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту, ақыл-ойын жетілдіру, оларды тәрбиелеу мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті.Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету, дамыту-педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралы ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талап та жоғары. Әр баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы әрекеті бұл ойын. Ойын – балалар үшін айналаны танып білу тәсілі.
Ойын – балалардың бір –бірімен жақсы қарым-қатынас жасауына және көңіл –күйіне жағымды эмоциялық жағдай туғызады. Мүмкіншіліктері шектеулі балалар үшін арнайы ойнайтын ойындар әлі басылымда жоқ, сондықтан ойынды таңдағанда балалардың жағдайын ескеріп отыру керек. Олар сөйлей алмайды. Өз қажеттіліктерін ыммен, қолмен , көзбен, бет-әлпетімен жеткізе алады. Балалармен ойын ұйымдастыру, оның ережелерін түсіндіру өте қиынға түседі. Олар көзбен көріп қана ұғады. Ойынды бірнеше рет қайталаймыз,көрсетеміз. Ойын кезіндегі мүмкіншіліктері шектеулі балалар шаршамау үшін, ойын түсінікті, қызықты , мазмұнды болу керек.
Баларға ұнайтын ойындарды күнделікті жазып отырған дұрыс.Мүмкіншіліктері шектеулі балалар ойын кезінде бақылауды өте қажет етеді. Сондықтан балалар шаршамай, жалықпау үшін баланың денсаулығына әсер ететін ойындарды таңдап алу керек. Ойын кезінде балалардың саны да әсер етеді. Кейбір баламен жеке жұмыс жасауға , жарты топқа бөліп ойын ұйымдастыруға болады.Ойын барысында балалардың жеке басының қасиеттері қалыптасады.Бала өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алып, балалармен қарым-қатынас жасауға үйренеді.Ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдіріп,іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау мен қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамытып отырады.Ойын барысында пайдаланылатын дамыту ойыншықтары балалардың психологиялық қызметін сапалы түрде өзгертуге бағытталған тиімді әсер ету құралы болып табылады.