Келесте мүгедектігі бар адамдарға стандартқа сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсетіп келеді

58

Келес ауданындағы «Қазыналы қария –Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қазіргі таңда аудандағы зейнет жасындағы қарттар мен және мүгедектігі бар адамдарға стандартқа сәйкес, әлеуметтік қызметтер көрсетіп келеді. Орталықта слайдта және төмендегі көрсетілген 20 қызмет түрлері көрсетіледі. Олардың ішінде терапевт дәрігерінің кеңесі, мейіргер қызметі, массаж жасау, психолог көмегі, тұз шахтасы, кітапхана, қол-өнер, үстел тенисі, билярд, гимнастика, спорттық шаралар, шахмат тақтасы,тоғыз құмалақ,дамино, компютерлік интернетті үйрету курстары, электрофарез, жеңіл тамақ, тігін үйірмесі, би үйірмесі, хормен ән айту үйірмесі, домыра үйірмесі бар.

Инклюзия департаменті мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 725 мыңнан аса мүгедектігі бар адам тұрады.Ересек адамдар — 615,5 мың адам (бірінші топтағы мүгедектігі бар адам — 76,4 мың адам, екінші топтағы мүгедектігі бар адам — 270,7 мың адам, үшінші топтағы мүгедектігі бар адам — 268,4 мың адам);0-ден 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны — 109,5 мың.2021 жылы Қазақстанда 696,8 мың мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде ересек адамдар — 598,5 мың адам (бірінші топтағы мүгедектігі бар 67,6 мың адам, екінші топтағы мүгедектігі бар 272,6 мың адам, үшінші топтағы мүгедектігі бар 258,4 мың адам), мүгедектігі бар балалар саны — 98,3 мың.2022 жылы 711,8 мың мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде ересек адамдар — 607,5 мың адам (бірінші топтағы мүгедектігі бар 71,5 мың адам, екінші топтағы мүгедектігі бар 271,4 мың адам, үшінші топтағы мүгедектігі бар 264,6 мың адам), мүгедектігі бар балалар саны — 104,3 мың.

Мүгедектігі бар адамдарға еңбек өтілі бар ма, жоқ па, жәрдемақы алу үшін жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғасқанына қарамастан, республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты. Күнкөріс деңгейі жоғарылауына байланысты олардың мөлшері жыл сайын көтеріледі. Кейбір жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жәрдемақы екі рет көтерілді