ӘРТҮРЛІ-ТЕҢ: ҚАЗАҚСТАНДА ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ

65

Түркістан облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 22 431-ден астам бала тұрады, оның ішінде 12 404 мүгедек бала бар. Түркістан облысының әкімдігі мен «Дара» қоры арасында қол қойылған меморандум негізінде облыста Түркістан, Ленгер қалаларында және Келес ауданының Абай ауылында 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК), сондай-ақ Түркістан қаласында инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды. Бұл орталықтарды «Байсат» ЖШС қолдауымен «Дара» қоры ашты.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) – бұл даму ерекшеліктері бар кез келген бала мен оның отбасы дефектолог, психолог, логопед, тифлопедагог, әлеуметтік педагог, ЕДШ (емдік дене шынықтыру) нұсқаушысы, музыкалық ритмика бойынша педагог және басқа да мамандар сияқты мамандардың білікті көмегін ала алатын мекеме. Жыл сайын ППТК дамуында түрлі ауытқулары бар 150-ден астам балаға қызмет көрсете алады. Қызметтер балалар мен олардың отбасыларына тегін көрсетіледі. Басты стратегиялық мақсат-мұндай кабинеттер ерекше бала өсіп келе жатқан отбасынан «қадамдық» қол жетімділікте болуы.

ППТК-да балалар білікті оңалту мүмкіндігіне ие болып қана қоймай, сонымен қатар психологиялық көмек, әлеуметтену және қарым-қатынас жасай алады. Сабақтар қазақстандық, ресейлік және шетелдік озық тәжірибені, оның ішінде заманауи жабдықтар мен дамытушы материалдарды пайдалана отырып, заманауи әдістемелер бойынша өткізіледі.

Түзету кабинетін жабдықтауға ЕДШ залының жабдықтары, Монтессори, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлар, түрлі логопедтік тренажерлер, дамытушы материалдар мен ойыншықтар кіреді, мамандар үшін әдістемелік кітапхана құрылды, оның ішінде баланың дамуына кешенді бағалау жүргізуге және өткізілетін сабақтардың тиімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету бар.