ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ ӨЗ ИМАНДЫЛЫҒЫМЕН, САБЫРЛЫ ДА ПАРАСАТТЫЛЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ.

276

Киелі жердің қасиеті бойына дарыған Түркістандықтар кезектен тыс өткізілген Қазақстан Республикасы Прездидентінің сайлауына белсенді қатысты.

Жүректерінде иманы бар жерлестеріміз көңілде кірбің болғанымен, жарқын болашаққа сенеді және келешекке үміт артып, өз таңдауларын жасады.

Республикалық «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігінің Түркістан өңірлік төрайымы болғандықтан, «Ел дауысы » қоғамдық қорының атынан сайлауда байқаушы болдым.

Қазақстанның азаматшасы ретінде, ардагер ретінде, АНА ретінде мен де еліміздің өсіп-өркендеуі жолына, болашағына алаңдаймын.

Таңертеңнен кешке дейін сайлауға келіп, өз дауыстарын берген жандардың жанына үңіліп, көздерінен Президентке деген сенім мен үмітті байқадым.

«Уралап » мерекелік көңіл-күйде болмаса да, болашаққа деген сенімді жоғалтпай, елдің амандығын, Патшаның әділ және лайықтысын таңдап, саяси науқанға жауапкершілікпен қарады.

Халық оянған, халықтың өз пікірлері мен көзқарастары бар, халық алаңдаулы…

Дегенмен Қасым Жомарт Тоқаевқа сеніп, көптің арасынан таңдап сайлады.

Өйткені Қ. Ж. Тоқаев халық үніне құлақ асатын, әділетті Қазақстанды құруды айтып, халықтың сеніміне енді.

Сондай-ақ Қ. Ж. Тоқаев: «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін үкімет жүйесін құрамыз»- деп халықтың көңіліне қуаныш сыйлады.

Сайлау өте әділ, жоғары деңгейде ұйымдастырылды және ұлттық заңнамалар мен халықаралық стандарттарға сай өткізілді.

Дауыс беру барысын бірнеше отандық және халықаралық бақылаушылар бақылап отырды.

Ендеше халықтың таңдауына ие болып сайланған Президентіміздің саясаты аясында бәріміз бірлік пен татулықта жаңа, өркендеген, демократиялы және әділетті Қазақстанды құрып, бейбіт өмір сүруді Алла Тағала нәсіп етсін деп тілек білдіремін.