Инклюзивті мектеп қоғамның әлеуметтік дамуына ықпал етеді

81

Түркістан облысының тұрғындарының назарына инклюзивті мәдениет – инклюзивті білім берудің мақсаттарына сәйкес жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететіндігін айта отырып, мәліметтерді ұсынамыз

Инклюзивті мәдениет тосыннан пайда болмайды, ұжымшылдық және теңдік сияқты құндылықтарды оқу орындар өміріне енгізу жөніндегі күштердің нәтижесі болып табылады. Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру мәдениетін қалыптастыру аспектісінде теңдік, ортақтастық, ынтымақтастық басымдылықтарының құндылықтары оқушылардың әртүрлілігіне позитивтік қарым-қатынас жетекші болып табылатын әлеуметтік және білім берудің инновациялық процесі, қарқынды дамитын тәсіл ретінде инклюзивті білім берудің негізгі принциптерімен тікелей байланысты, ал жеке ерекшеліктері проблема ретінде емес, тану процесін сапаландыру мүмкіндігі ретінде қабылданады.

Сондықтан, инклюзивті мәдениет – инклюзивті білім берудің мақсаттарына сәйкес жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ете отырып, қажеттіліктердің алуан түрлілігін қабылдауды қоғам дұрыс қабылдайтын, қолдайтын, жинайтын инклюзивті қоғамның мәдениетін қалыптастыру, жалпы алғанда, педагогикалық қоғамдастық пен қоғамды үздіксіз жетілдіруді сақтау, қабылдау, ынтымақтастықпен ынтыландыру үшін маңызды негіз болып табылады.

Оқушылардың өздері өткізетін театрлық қойылымдар, конференциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер және тағы басқалар сияқты сабақтан тыс қызметтің әртүрлі түрлері инклюзивтік мектептерде өзін жақсы жағынан көрсетеді. Инклюзивті мектеп қоғамның әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Мектеп әр баланы қабылдау философиясы мен мәдениетін, оқуға икемділігін, сонымен қатар оның маңызды әлеуметтік құндылығын қолдайды. Инклюзивтік мектеп әрбір мүшенің даралылығы бағаланатын және әрқайсысы көмек пен қолдау ала алатын қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді.

Атап айтқанда, мектеп білім беру кеңістігіне қатысушылардың барлығының назарын білім беру және ерекше білім алуды қажет ететін балаларды әлеуметтендіру мәселелеріне аудара отырып, инклюзивті қоғам құруды насихаттауы қажет.