ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА ҮЙДЕ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН 49 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

71
Түркістан облысына қарасты аудан, қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде мүгедектігі бар адамдар үшін үйде арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсететін 49 бөлімше жұмыс жасайды.Атап айтқанда жалғызілікті қарттар үшін 22 бөлімше қарастырылса, мүгедектігі бар балалар мен психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға 27 бөлімше іске қосылып, арнайы қызмет көрсетеді.
Оның ішінде 2 170 жалғызілікті қарт, 2 345 мүгедектігі бар балалар және 576 психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтермен толық қамтылған.
Аталған бағыттағы қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарасы қолға алынған. Оған қоса аудан, қалалық жұмыспен қамту бөлімдерінің 10 күндізгі қатынау жағдайында (жартылай стационарлық) қызмет көрсететін бөлімшелер қарастырылған. Сондай-ақ биылғы жылдың 6 айының қорытындысына сәйкес бөлімшелерде психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар 387 бала арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлерімен қамтылды. Айта кетейік, облыс көлемінде үйде қызмет көрсету жағдайында жалпы саны 1000-ға жуық әлеуметтік мамандар мен қызметкерлер, айқындаушылар және кеңесшілер жұмыс істейді.