Жетісайда «Үміт ұясы» күндіз болу оңалту орталығы бар

77

Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимылы бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға күйзелістен шығару үшін логопед, психолог, дефектолог, еңбек, музыка, массаж, емдік дене шынықтыру және дене шынықтыру мамандары балаларға арттерапия, әуен терапиясы, құм терапиясы және иппотерапия сынды емнің тиімді тәсілдері қолданылып, бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізіліп келеді. Негізінен әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлерін көрсететін аталмыш орталықта 40-қа жуық бүлдіршінмен 21 маман жұмыс жүргізуде.

Бүлдіршіндердің дене шынықтыру, физикалық ем-дом жасау кабинеті мен психологиялық тынығу бөлмесі заманауи құрал-жабдықтармен жасақталған. Аталмыш кабинеттерде тірек-қимылы кешеуілдеген бүлдіршіндер физикалық жаттығулар жасап, музыкалық терапиямен емделулеріне толық мүмкіндіктер қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз» дейтін азаматтар да жоқ емес. Мәселен, Қарағанды қаласында бертінде ашылған Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығы мүмкіндігі шектеулі адамдарға ақпараттық-кеңес беру қызметтерін көрсетіп келеді.