Сарыағаш ауданы бойынша 10539 жуық мүмкіншілігі шектеулі жандар бар

56

Сарыағаш ауданы бойынша 10539 жуық мүгедектігі бар азамат бар. Оның ішінде 1-топ-936, 2-топ-3845, 3-топ-4204. 7 жасқа дейінгі балалар саны 428, 18 жасқа дейінгі балалар саны 1126 адамды құрайды. Оның ішінде 1-топ 159, 2-топ 362, 3-топ 605 мүгедектігі бар балалар бар. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 25 мүгедектігі бар балаларға арналған Сарыағаш ауданында орналасқан «Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ-і жұмыс істейді. Жалпы аудандағы мүгедектігі бар азаматтарға тағайындалған абилитациялаудың жеке оңалту бағдарламасында тағайындалған іс-шаралар бойынша қызметтері мен құралдармен қамтамасыз етіледі. Мүгедектігі бар азаматтар қызметтер мен құралдарын Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беріп ала-алады. Бұдан бөлек ауданда ерекше жандар 5 инва такси және 10 әлеуметтік такси қызметін алады.

Сарыағаш ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың басынан бастаа мүмкіндігі шектеулі ерекше жандардың жалпы тіргелгендер саны – 57 құрайды. Онда мүмкіндігі шектеулі 1,2-топтағы  азаматтар мен азаматшалар қабылданды. Оның ішінде 28-әйел мен 29-ер адам. Орталыққа күнделікті 1-ауысымда 8-адам, 2-ауысымда 6-адам мүмкіндігі шектеулі азамат пен азаматшаларға белсенді қатысып, қызмет көрсетілуде.

Мұның бәрі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға төзімді қоғам құру, елдің осы саладағы халықаралық стандарттарды сақтауы жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдіруге ықпал етеді. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, оның ішінде оңалту, қоғамға ықпалдасу,  әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету,  білім беру, қызмет түрін, оның ішінде еңбек түрін еркін таңдау бар.

Одан бөлек, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу,  кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмысқа орналастыру және Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй алу, мемлекеттік және өзге де ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсету және мүгедектігі бар адамдардың шығармашылық қабілеттерін қолдау түрінде әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі.

Негізінен заңнамаға сәйкес, мүгедектік тобы жеті жастан бастап белгіленеді. Мүгедектігі бар адам деп танылған және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде әлеуметтік қорғау шараларының себептері, мерзімдері, қажеттіліктері айқындалады, сондай-ақ мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктері әзірленеді. Оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық көмекші  құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалауға сәйкес мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.  Оңалту іс-шараларының кешені әдетте ағзаның бұзылған және  жоғалған функцияларын қалпына келтіруге және  өтеуге бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту шараларын қамтиды. Оңалту бағдарламасында мүгедектігі бар адамға қажет техникалық көмекші  құралдарды, арнайы жүріп-тұру құралдарын және көрсетілетін қызметтерді пайдалану да көзделеді.