Бүгінде еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтардың 36 пайызы ғана жұмыспен қамтылып отыр
Түркістандық оқырмандарымыздың назарына қазіргі уақытта мектепке дейінгі және орта мектептегі білім беру ұйымдары омүмкіндігі шектеулі балаларды оқуға қабылдауға болмайды деген шектеу алынып тасталғандығы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Қабылданға құжат бойынша ендігі уақытта арнайы күтімді қажет ететін балаларға жекелеген бағыттар бойынша білім берілетін болады. Оның ішінде мұндай балалардың өзіндік ерекшеліктері, диагнозына қарай білім беру жатады. Яғн заңға сәйкес мемлекет мұндай балалардың өзіндік ерекшеліктері, диагнозына қарай білім беруге міндеттеме алып отыр деген сөз. Қазіргі уақытта мамандар арнайы оқулықтар мен қажетті оқу бағдарламаларын жасап жатыр. Әрі бұл жерде инклюзивті қажеттіліктер түгел ескеріледі. Статистикалық деректерге сенсек, қазіргі таңда еліміздің он жеті бірдей жоғарғы оқу орнында осы мақсаттқа арналған арнайы курстар ашылыпты. Мамандардың айтуынша, бұл орталықтар айрықша қолдауға мұқтаж балалардың қажеттіліктерін толықтай өтей алады. Ал жалпы ел бойынша ондай балалардың саны – 160 мыңнан асады екен. Өкінішке қарай бүгінге дейін мұндай балалардың тек 23 пайызы ғана жалпы мектептерде білім алып келген.
Қазіргі таңда елімізде бұл бағытта шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер әлі де баршылық. Мәселен,кейбір жұмыс берушілер мен білім беру мекемелері мүмкіндігі шектеулі жандарды алуға онша ынталы емес. Осының салдарынан Бүгінде еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтардың 36 пайызы ғана жұмыспен қамтылып отыр. Расы керек, Мемлекет басшысының бұл бастамасы яғни инклюзивті қоғам құру туралы тапсырмасы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеуге жол ашып берді. Қоғам да барлық баланың тең екенін ұғына бастады деуге болады.
Тек білім беру салаларында ғана емес, әр түрлі үйірмелер мен дамыту орталықтарына жол ашылды деуге болады. Сондай-ақ концерттер мен қоғамдық шараларға да толыққанды қатыса алады. Қоғам да мұндай балаллардың мәслесінің қаншылықты екенін түсіне бастады. Бұл әрине,қоғамдық қарым-қатынасты басқа арнаға бұрып, адам баласын мейірімділік пен жанашырлыққа жалпы қоғамды жауапкершілікке итермелейтіні даусыз.