Президенттің тапсырмасы ерекше балаларды қоғамға бейімдеуге жол ашып берді

179

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей, тең мүмкіндік сыйлайтын инклюзивті қоғам қалыптастыру жайын жиі айтып жүр.Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында осы тақырыпқа арнайы тоқталып, инклюзивті яғни ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мәселесін көтерген болатын.

«Елімізде айрықша білім беру жүйесіне мұқтаж балалар көбейіп барады. Мұндай балалардың ата-аналары тиісті реабилитацияға қол жеткізу үшін айлап, жылдап кезек күтуге мәжбүр. Уақыт жоғалтып жатыр. Мұндай балалар дер кезінде көмек алып, сапалы қызметпен қамтылуы тиіс. Бұл кемшілікті жою үшін тез арада арнайы психолог мамандарының даярлануын қолға алу керек. Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы мақсатта іске кірісуі керек», — деп атап өткені белгілі.

Инклюзивті қоғам қалыптастыру — жалпыға бірдей жағдай жағдай қалыптастыру деген сөз. Яғни айрықша қажеттілігі бар немесе мүмкіндігі шектеулі жанның дені сау адамдармен бірдей білім алып, қатар жұмыс істеуі. Елімізде норма бойынша, барлық азаматтар конкурстық негізде қызметке орналасып немесе мемлекет есебінен тегін білім ала алады. Алайда кейбір жағдайларда мүмкіндігі шектеулі жандардың мұндай мүмкіндікке қолдары жетпей жататыны құпия емес.

Яғни бүгінге дейін елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың көп дүниеге қолы жетпей кәдімгі мектептерде білім алуына мүмкіндік бола бермеді. Мемлекет басшысының арнайы  тапсырмасынан кейін ғана аталмыш мәселенің оң шешімі табылып, жұмыстар жасала бастады. Көп ұзамай нақты жұмыстар қалға алынып, жұмыс тобы құрылды. Артынша арнайы құжат дайындалып, оған Тоқаев қол қойып, мөрін басты. Қабылданға құжат бойынша ендігі уақытта арнайы күтімді қажет ететін балаларға жекелеген бағыттар бойынша білім берілетін болады. Оның ішінде мұндай балалардың өзіндік ерекшеліктері, диагнозына қарай білім беру жатады. Яғн заңға сәйкес мемлекет мұндай балалардың өзіндік ерекшеліктері, диагнозына қарай білім беруге міндеттеме алып отыр деген сөз.