Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға айрықша көңіл бөлу қажет екенін айтып «Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз» деген еді.
Ана мен баланы қорғау мен қолдау, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға жағдай жасау мемлекеттің басты міндеті. Мемлекеттің бұл сала бойынша белгілеген іс-шараларын жүзеге асыру өңір басшылары мен тиісті орындардың жауапкершілігінде. Түркістан облысында бұл бағыт бойынша жұмыс жасалынуда.
Арыс қаласы бойынша 2570 ерекше жандар бар. Оның ішінде I топтағы 172 адам, II топтағы 898 адам, III топтағы 1025 адам, 18 жасқа дейінгі 495 мүгедек балалар бар. Осы ретте Арыс қаласындағы «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығы 159 мүгедектігі бар балаларға 26 әлеуметтік қызметкерлер үйлеріне барып әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Одан бөлек, қаладағы «Тең қоғам орталығында» мүмкіндігі шектеулі жандарға фронт-офис режимінде психологиялық қолдау – көмек көрсетіледі. Бұл орталықта I–топтағы зағип жандар мен II-III-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және осы санаттағы балаларға да қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, массаж, шахмат, дойбы ойыны мен спорттық дене шынықтыру жаттығуларына арналған тренажерлармен жұмыс істеу бағдарламалары енгізілген. Орталықта күніне 25-30 адамға қызмет көрсетілуде. Оның ішінде, көзі нашар көретін жандар үшін Брайль әліпбиі негізінде оқылатын кітаптар мен 23 адамға арналған оқу залы да бар. Ол жердегі кітап қоры 180 дананы құрайды. Ал, оның аудио нұсқасын тыңдағысы келетіндер үшін 300-ден астам аудиодиск тұтынушылар назарына ұсынылады.
Жетісай ауданы бойынша 7010 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оны ішінде бірінші топ мүгедектігі бар адам — 530, екінші топ мүгедектігі бар адам – 1877, үшінші топ мүгедектігі бар адам – 3190, мүгедектігі бар 1413 бала бар. Бүгінде бөлімнің жанынан арналған Жетісай қаласында орналасқан «Балдәурен» және Асықата кентінде орналасқан «Үміт ұясы» күндіз болу оңалту орталығы жұмыс атқаруда. Бұл орталықтарда жалпы 113 бала арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі бойынша қызмет алуда. Балаларға арналған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері бар. Топтар бала жасына ыңғайластырып жабдықталған. Оңалту орталықтары сауықтыру және әлеуметтік, оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсетілуде.
Орталықтарда мүгедектігі бар балаларға Логопед, Психолог, Дефектолог, Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы, Дене шынықтыру мұғалімі, Музыка мұғалімі, Балалар дәрігері, Массаж жауап жөніндегі мейіраға, Тәрбиеші, Мәдени ұйымдастырушы, Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар балаларымыздың денсаулығын жақсарту және оңалту мақсатында үздіксіз қызмет атқаруда. Нәтижесінде оңалту орталықтары ашылған күннен бастап, балаларымыздың бойында оң өзгерістер өте көп. Сөйлей алмай келген балалар сөйлеп, жүре алмайтын балалар жүріп өз-өзіне қызмет көрсетіп жатқан жағдайы бар. Бүгінде мемлекет мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауда.
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ орталығының еңбек нұсқаушысы Азимбаева Айгүл қызмет алушы балаларға арналған «Гүлдерді баптау» тақырыптық сабағын өткізді. Сабақ қызмет алушы балаларға дала гүлдері мен бөлме гүлдері мен оны күтудің ережелерімен таныстыру мақсатында өткізілген. Нәтижесінде балалар гүлдердің құрылысын білу, гүлдердің отырғызылуын, тәжірибе жасау, өсуін бақылаумен айналысты. Одан бөлек, есте сақтау, қиялын, ойлау қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар, бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында тиісті ақпараттар берілді.