АҚҚОЙЛЫДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

7

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шұбар ауылдық округіне қарасты Аққойлы ауылында сенбілік өтті.

Аталған шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық аурухананың бас дәрігері Болатхан Сағымбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Бекбосынов арнайы қатысып, Аққойлы ауылын көгалдандыруға үлестерін қосты.

Олар Ишан базар “Ақмешіт” тарихи-мәдени кешенінің аумағына ағаш көшеттерін отырғызды. Одан бөлек тұрғындар маусымдық гүлдер екті.

Сонымен қатар Аққойлыдағы медициналық тірек пен мектептің аулалары абаттандырылып, ағаш көшеттері отырғызылды.