БҰЛ – БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЖЕДЕЛДІКТІ ТАЛАП ЕТЕТІН ІС

58

Жол – өмір. Сол жолда көбіміздің өміріміз өтіп жатыр. Көлік логистикасы – экономиканың күретамыры. Жылдағы дәстүр бойынша тамыздың алғашқы жексенбісі – Көлік қызметкерлері күні мерекесі елімізде кең ауқымда аталып өтіп жатыр.

Ел экономикасының қарыштауы, әлеу­меттік саланың дамуы көлік қызметкерлерінің сүбелі үлесіне тікелей байланыс­ты. Бүгінде осы сала қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік инфрақұрылымы жаңғыртылып, жаңартылуда.

Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы межелі міндеттерді орындауда өрт сөндіру көлігінің орны – ерекше. Осындай маңызды көлікті тізгіндеп, тілсіз жаумен күресте ерлікке пара-пар еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі — №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Ерлан Мұханов. Қапшағай қаласындағы № 32363 әскери бөлімдерде әскери борышын өтеген. 2014 жылдын 12 мамырынан бастап Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨСжАҚЖҚ» РММ қызмет атқарып келеді.

Ерлан Манатұлы 1991жылы 19 мамырда Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Таваксай селосында дүниеге келген. Ол 2012-2013 жылдары аралығында Алматы облысы Отар әскери қалашығындағы № 30212 және Қапшағай қаласындағы № 32363 әскери бөлімдерде әскери борышын өтеген. 2014 жылдын 12 мамырынан бастап Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨСжАҚЖҚ» РММ қызмет атқарып келеді.

Он жылдан астам уақытта бері азаматтық қорғау органында мүлтіксіз қызмет атқарып келе жатқан Ерлан Манатұлын әріптестері кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мен адамгершілік қаксиеттер мол азамат ретінде таниды.

Күн сайын тілсіз жаумен арпалысып, өрттен зардап шеккен жандарға көмектесуге асығатын білікті маманды бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Оған еңбекте табыс, отбасына амандық тілейміз!

«Шымкент келбеті»