“БАЛМАРЖАНДЫ КӨРУГЕ КӨП АДАМ КЕЛДІ…”
Шымкентте билікте жүрген сұлу да, сымбатты бикештер баршылық. Сол ақжарқын арулардың бірі де, бірегейі Балмаржан Нарбекова екені рас. “Сырт көз сыншыл” дейді. Неге екенін қайдам соңғы уақыттары Шымкентке сырттан келген әлеуметтік сала қызметкерлерінің әрбірі жұмысы “қыз-қыз қайнаған” Балмаржанның басқармасына барғыштап кетті. Неге?.. Бәрі де, Еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Шымкентке келуінен басталды. Министр ханым Балмаржан басқаратын басқарманың ілкімді ісіне қанығып кетті. Әлеуметтік орталықтарда оң істерді көзбен көрді. Үңіле білсек, үлгі алатын тұстары барын байқады білем, мнистрдің ізін алып, Республиканың әр өңірінен арнайы мамандар келіп, тәжірибе алмасуды бастап кетті.
Осы апта Атырау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері Шымкентке іс-сапармен келді.
Батыс Қазақстандық әріптестерімізге — өзім жетекшілік етіп отырған басқармаға қарасты әлеуметтік мекемелер жұмысын таныстырдым. Сала өкілдері алғаш болып, “Белсенді ұзақ өмір” орталығының жұмыс бағытын көзбен көріп, зейнеткерлермен тілдесті. Айта өтейін, тәжірибе алмасу барысы бір жетіге жоспарланып отыр-дейді Балмаржан ханым.
Өткен аптада ғана Шымкенттің әлеуметтік саласындағы жүйелі жұмыстарға қызыққан Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Түркістан облысының аудандарынан келіп, жұмыс методикасымен танысып кеткен еді. Бұл расында да Балмаржан Нарбекова басқаратын Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау сала қызметкерлері жұмысының нәтижелі жемісі және қаламыздың әлеуметтік саладағы оң динаманың көрсеткіші секілді.
Иә, Балмаржанды көруге көп адам келді… Бірақ, олар Балмаржанның көркін көруге емес, тындырымды тірлігінен сабақ алсақ деп келді. Үйренері де, үйретері де көп Шымкент қаласының әлеуметтік саласы жылы пікір есту шын қуаныш. Үшінші мегаполисте әлі де атқарылған істен, атқарылар іс көп-дейді өз ісіне тоқмейілсімеген Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.
“ARA-ақпарат”