ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР «БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

141

Жетісай ауданы аумағында айыппұлды төлемей жалтарып жүрген азаматтарды анықтау мақсатында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 3560 азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылып, шамамен 25 милион теңге айыппұл өндірді.

Ал, өндірілмей қалған айыппұлдарды өндіру мақсатында полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті жеке сот орындаушылармен бірлескен мобильдік топ құрып, тұрақты рейдтік іс-шаралар өтуде. Сонымен қатар аудандағы автобекеттер мен жүргізушілер арасында жол қауіпсіздік профилактика бойынша сұхбаттар жүргізілуде.