ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

194

Қазығұрт ауданында үйінде есірткі затын өсіруі мүмкін тұрғын туралы хабарлама түсті. Осы бойынша Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының полицейлері бірлесіп, күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Тұрғынның үйін тінту барысында, оның ауласынан тыйым салынған есірткі егілгені анықтады. Нәтижесінде айғақты зат ретінде 2 түп өсімдік тәркіленіп алынды. Өсімдікке сараптама тағайындалып, «марихуана» екендігі нақтыланды. Тергеу барысында күдікті тұрғынның бұрында есірткі сақтағаны үшін де сотты болғаны анықталды.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 300-бабы “Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру” бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.