АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

36

Бүгін Сауран аудандық «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесіндегі қызмет алушылар және әлеметтік осал топтағы азаматтары, Бабайқорған ауылдық округінің тұрғындары, Бабайқорған ауылдық дәрігерлік амбулаториясы және Бабайқорған ауылындағы «Назгүл” бала-бақша қызметкерлерімен Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің дінтанушы-теолог маманы Абдрахман Бауыржанның қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді.

Дінтанушы-теолог маман қазіргі кезеңде дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданатын экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен зорлық орнатуда.

Діни экстремизмнің басты сипаты – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдану.

Түрлі қылмыстық топтар мемлекеттік билікке ықпал ету не күйрету үшін террорлық актілерді жүзеге асырады. Терроризм – қазіргі жаһандану қатерлерінің бірі, ауқымдылығы мен жиілігі, адамзатқа қаупі мен қаталдығы тұрғысынан ол әлемдік қауымдастық алдындағы түйткілді мәселеге айналды.

Діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қаупі:

– қоғам мен мемлекетке аса ауыр психологиялық және материалдық шығын әкелуі, адам өмірін қиюы;

– азаматтық өшпенділікті немесе алауыздықты тұтатуы, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгертуді және оның аумақтық тұтастығын бұзылуды мақсат ететін бірқатар заңсыз қарулы құрылымдардың қызмет етуі.

Діни экстремизмнің қылмыстық көріністерінің салдары бірден байқалмауы да немесе ұзақ мерзімдік зардаптар әкелуі де мүмкін.

Қазақстанда экстремизм мен терроризммен күреске айрықша көңіл бөледі. Елімізде экстремизмнің діни сипаттағы бағыты кеңірек таралып, мемлекеттік деңгейде түрлі шулы оқиғалардың себебі де болғанын жақсы білеміз. Елімізде экстремистік және экстремистік деп табылатын 24 ұйым бар.

Дінтанушы маман елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.

Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.

Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға, теолог маман тарапын тиісті жауаптар берілді.

Кездесу соңында діни экстремизмнің алдын алу туралы ақпараттық брошюралар таратылды.