РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯЛАРҒА ОРАЙ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

49

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай орталық саябақта

«Таза Қазақстан» акциясы және «Береке — бірлікте» жалпы республикалық акциясы аясында сенбілік өтті.

Аталған шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманәлі Кәдиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, аудан әкімі аппаратының, салалық бөлімдердің, мекемелердің қызметкерлері, жастар қатысты.

Елді ырыс пен берекені, тазалық пен тәртіпті насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп отырған сенбілікте аудан әкімі сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, аудан жұртшылығын Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған республикалық экологгиялық акцияға үлес қосуға шақырды.

Шара барысында саябақтағы арнайы бекітіліп берілген аумақтарға ағаш көшеттері егілді, гүлдер отырғызылды, шөптер орылды, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ саябақтың алдынан үлкендердің батасымен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылық маңызы бар тауарлар мен көшеттерді, азық түлік және т.б қажетті тауарларды жеткізіп беретін “Қайырымдылық керуені” жолға шықты. Аталған акцияға ауданымызды көптеген азаматтары өз үлестерін қосқанын ерекше атап өткен жөн.

Сенбіліктен соң аудан әкімі сала мамандарымен шағын құрамда жиын өткізіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша алдағы шаруаларлы талқылады.