ТЕМІР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

72

2024 жылы 25 тамызда өткен Темір ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Темір ауылдық округінің әкімі болып Ақарыс Жүсіпұлы сайланды.

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жаңадан сайланған лауазым иесін Темір ауылдық округі әкімдігінің активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Кездесуде аудан басшысы ауылдың әлеуметтік — экономикалық дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Аудан басшысы өз сөзінде: «Тоғыз жолдың торабы Темір ауылының экономикалық әлеуеті жоғары. Ауылда инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндіктер көп. Сондықтан ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қолдағы мүмкіндіктерді пайдаланып, ауыл халқының ынтымағы мен бірлігін сақтай отырып жоспарлы жұмыстарды өз деңгейінде атқарады деген сенімдемін»- деді.

Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нурлан Жубаев куәлік табыстады.

Ақарыс Жүсіпұлы 1987 жылы 30 шілдеде Отырар ауданы, Темір ауылында дүниеге келген. Білім жоғары. 2013 жылы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы «Қала маңы тасмалы» Шымкент бөлімшесінде жолсерік болып бастап, 2017 жылы «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы Шымкент қаласындағы филиалының атқыштар командасының күзетшісі, Шымкент сигнализация жане байланыс дистанциясының инженер-электронщигі, 2020 жылы «Қаз Темір Транс» ЖШС-нің Отырар ауданын бойынша қаржы директоры қызметтерін атқарған.