СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

12

«Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы және Отырар Спорт клубы ұйымдастыруымен жыл сайын тамыз айының үшінші жексебісінде аталып өтілетін «Спорт күніне» орай, спорт түрлерінен (Бильярд, дойбы, шахмат ) жарыстар өткізілді. Шара барысын орталық ардагерлерінің төрағасы Б.Маханбет, Жарыс төрешісі Қ.Байкенже сөз алып қарияларымызды спорт күні мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушы қарияларымызға сәттілік тіледі. Жарыс барысы тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жарыс жеңімпаздарына медаль және алхыс хаттар мен жүлделі сыйлықтар табысталып, марапатталды. Қарияларымыз жарысты ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, батасын берді.

Жарыс қорытындысы (Бильярд)

І- орын: Зұлпыхар Теміртай

ІІ- орын: Сұлтаев Бегаман

ІІІ- орын: Алтынбеков Пармен

Бейсенбай Шертай

Үздік ойыншы: Абдіжаппар Ақылбай

Жарыс қорытындысы (Дойбы, шахмат)

І- орын: Айнабек Полат

ІІ- орын: Алтынбеков Пармен

ІІІ- орын: Түкібаев Есен

Қошқарбай Пірмахан

Үздік ойыншы: Искаков Қалмаханбет