ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ САПАЛЫ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС

32

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауданда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.

Алдымен Қоғам ауыл округіне қарасты Мыңшұңқыр елді мекеніндегі 4 қабатты 32 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысып, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру барысын пысықтады. Мердігер «NK Bullding» ЖШС-нің жеке қаржысы есебінен салынып жатқан тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Аралау барысында мердігер мекеменің өкілдерімен кездескен аудан әкімі тұрғын үйлердің құрылысын сапалы ұйымдастыру керектігін айтып, жауапты сала басшыларына қабылдау кезінде айтылған мәселені жіті бақылауға алуды тапсырды.

Мұнан соң Шәуілдір ауылындағы Жаңа тұрғын үй алабында болып, жеке инвесторлар есебінен салынып жатқан 2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысып, жауапты мердігерлермен кездесті.

Айта кету керек аталған тұрғын үйлер аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілетін болады. Қазіргі таңда Отырар ауданы бойынша тұрғын үй кезегіне 2303 азамат тіркелген. Соның ішінде 744-і әлеуметтік әлсіз топ мүшелері, 770-і көпбалалы отбасы мүшесі, 51-і тұл жетім, 736-сы мемлекеттік қызметкер санаты бойынша, ал 2 азамат тұрғын үйі апатты деп танылғандар санатында тіркелген.