Әлеуметтік маңызы бар 700-ден астам көшеге жарықшамдар орнатылады
Шымкент қаласы көшелерін абаттандыру мәселесінде көшелерге электр жарығын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда қаладағы әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 220 көшесіне ғана жарықшамдар орнатылған. Биыл 324 көшеге жарықшамдар орнату, ескі жарықшамдарды ауыстыру жұмыстарын атқару көзделген. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 104 көше бойынша іскерлік орта өкілдерімен келісімшарттар түзілген. Қазіргі таңда бұл жұмыстар 31 көшеде атқарылған.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласындағы жұмыстар қаланың тыныс-тіршілігімен етене байланысты сала екенін атап өтті. Жүктелген міндетттер басқарманың әрбір қызметкерінен терең кәсібилік пен жеке жауапкершілікті талап ететінін айтып, халыққа ұсынатын қызмет арнасын жүйелеуді талап етті.