АУДАНДАҒЫ РЕФЕРЕДУМ УЧАСКЕЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

32
Бүгін таңғы сағат 7-ден бастап аудан аумағындағы референдум учаскелерінде еліміздің әнұраны шырқалып, ресми түрде өз жұмысын бастады. Ауданда жалпы 40 референдум учаскесі бар. Оның 1-еуі (Аудандық орталық емхана) жабық, қалған 39-ы жұмыс істеп тұр.
Барлық учаскелер интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал жабдықтармен толық қамтылған.
Айта кетейік, референдум учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.