Сыбайлас жемқорлықпен күрес — баянды болашақтың кепілі
Түркістан қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту бағытында түрлі шаралар өткізілуде. Осы ретте Түркістан қаласының тұрғындарының назарына аталмыш бағытта елімізде атқарылып жатқан шараларды ұсынамыз. Бүгінгі күні бүкіл әлемді қамтыған жаһандық қауіп-қатерлердің бірі бұл — сыбайлас жемқорлық, ол қалыпты даму мүмкіндігін берместен қоғамға іріткі салатын зиян құбылыс. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін онымен бірлесіп күресу керек. Бұл үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл білім берудің барлық деңгейлеріне енгізілген. Сыбайлас жемқорлық – бұл ұйымдасқан қылмыс катализаторы, оның өмір сүру ортасының қажетті бар бөлігі: Бір-бірімен тығыз байланысқан бұл құбылыстар мемлекетке де, қоғамға да өте қауіпті әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан демократия жағдайында коррупция ұятқа қалдыруы мүмкін, мелекеттік қызметтегі адамдардың сеніміне тазалығына күмән туғызады, сенімсіздік оларға ғана емес, жалпы мемлекет беделіне нұқсан келеді, конституциялық құқықтар тапталады, заңдылық принциптері бұзылады, сол себепті ҚР-дың дамуы, одан әрі өсуі тежеледі. Осының барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті заңмен реттеу қажет екенін көрсетеді, жаңа заңдар мен ережелер қабылдау керек.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігі:Билік басындағы тұлғалар жеке пайдасын көздеп мемлекеттік саясатта айтқандарын жүргізеді, сол әрекетімен билікке кең көлемде әсер етеді, бұл қоғамдық пайданы іске асыру үшін жасалатын билік қызметінен де бірнеше есе асып түседі. Қоғам өміріне барынша ықпал жасайтын маңызды шешімдер сыбайластық негізінде қабылданады немесе түрлі үлгідегі «көлеңкелі фигераларға» тәуелді болғандықтан сыбайластарды жасыру үшін жасалады.Сыбайлас жемқорлықтан келетін тікелей шығындар мемлекеттік бюджеттің табысын азайтады, өндірілетін жалпы ұлттық өнім көлемі жанама түрде азаяды.Сыбайлас жемқорлық көлеңкем экономиканы кеңейтеді, бәсекелестікке кері әсерін тигізеді, себебі «пара» бәсекелестік емес мүмкіндіктер жасайды. Бұл нарықтық қатынастарды бұзады, жалпы экономика тиімділігі төмендейді, есесіне жаңа сыбайлас монополиялар құрған, көбінесе ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар экономикалық қатынастар орнайды.Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің нарықтық ойындар ережелерді адал, таза ұстауды қамтамасыз ететін мүмкіндігінің айырады, бұл нарықтық идеяның өзіне сенімсіздік туғызады,«орбитрд судья» қызметін атқаратын мемлекеттің беделін түсіреді.Кең тараған сыбайлас жемқорлық, әділетті жазасын алмаған қылмыскерлермен ауыз жаласқан мемлекеттік қызметкерлерді көргендер арасында шектеп шыққан арсыз келісімнен позиция туғызады.Сыбайлас жемқорлық қоғамдық адамгершілікке де, қауіп төндіреді, себебі азаматтар санасында, әсіресе жас ұрпақтарда, өмірдің жоғары деңгейіне жетудің негізгі әдісі заңға қайшы қызметпен байланысты екен деген терең өнегесіз сенім қалыптасуы мүмкін.Сыбайлас жемқорлық экономикалық субъектілердің шығындарын көбейтеді, бұл тұтыну бағасын және тарифтерді өсіреді.Сыбайлас жемқорлық басқару органдарын ғана бұзып қоймай, әр түрлі корпорациялардың басқару аппаратын да ірітеді. Жалпы басқару тиімділігі төмендейді – мемлекеттік те, коммерциялық та.
Жемқорлықтың сипатты белгісі лауазымды тұлғаның әрекеті мен және оның жұмыс берушісі арасындағы дау-дамай немесе таңдаулы тұлғаның әрекеті мен қоғам мүддесі арасындағы дау-дамай болуы мүмкін. Жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды тұлғаның іске асыратын алаяқтығымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыс санатына жатқызылады.Сондай-ақ стратегияда мемлекеттік қызмет институтының дамуына, мемлекетте және де шетелде, жалпы мемлекеттік жүйені басқарудың кадрларының дайындығына, Қазақстан өсудің әділетті дамуына ұйымдасқан жүйемен, әлеуметтік қамсыздандырудың кепілденген жүйесіне, басқарудың негізгі ресурсына ұқыпты қарау міндеттері жүктелді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу аясында мақсат етіп қойған мемлекеттік саясат халықтардың құқық құбылыстарға шыдамсыздықтың көбеюі аталған проблеманы шешуге ықпалын жасауға тырысты. Құқық қорғау органдар және арнайы органдардың функцияларын нақтылауы және бөлінуі,олардың құрылымдарының оптимизациясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке тартылған жұмысшылардың кәсіби өсімін арттыруға ықпал жасады, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы.Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлердің алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүмкіндік берді. Төмен деңгейде сыбайлас жемқорлықтың көрінуі төмендетілді. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық өсімі байқалады. Азаматтық қоғамның институты және қоғамдастық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетіне көптен енгізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлық ең қауіпті құбылыс ретінде саясат, экономика және әлеуметтік нәтижелерге өте маңызды әсер етуі болғандықтан Қазақстанда төмендетілген динамикаға ие. Сонымен қатар позитивті тенденциялармен бұл бағытта мемлекеттік саясат көптеген шешілмеген проблемалар көрінеді.
ҚР-дың сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңының қабылдануы алғашқы сатыда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күресуге жағымды импульс берілген, алайда сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық базасын жақсарту үшін құқық қолдану тәжірибесінде соңғы екі жылда бірқатар жаңа заңдардың қабылдануын қажет етеді. Екіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күрес әрекетінен белгілі дәрежеде сыбайластың көрінуін қысқартып төменгі деңгейге алып келді, алайда мемлекет қызметкерлердің жоғарғы деңгейлері – жоғары және орта түйіндер – мемлекет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдану шаралары әлі де оларға ешқандай әсерін тигізген жоқ. Мемлекеттік органдардың себепсіз қайта құрылған, кадрлардың «команда» жасақтау негізінде кадрларды өзгерту «уақытша» деген стереотипті тудырып сыбайлас жемқорлықты жасауға жағдай жасайды. Бұл байланыста білім жүйесін жақсарту және іскерлік қасиеттер мен кәсібилігі кәсіби–сабақ беру құрамына қабылдау және әрі қарай жылжыту қағидаларын енгізу арқылы кешенді қосымша шаралар талап етіледі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресудің алғашқы сатысында мемлекеттік органдардың әрекеті олардың нәтижелерімен күресуіне бағытталған. Көп күш себептер мен жағдайларын жою бойынша жұмыстың жүйесіне емес, бөлек сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға кетті. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің аталған сатысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары орта жедел программасы үлкен масштабта қарастырылып, ең алдымен экономикасының аясында тудыратын сыбайластарды табуға және азайту жағдайларына бағытталған нақты іс-шаралар.