БЖЗҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИНВЕСТИЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ ЕСЕП БЕРДІ

277

enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер — Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 846,7 млрд теңгеболды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағыБЖЗҚ зейнетақы активтері –15 833,03 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,08 млрд теңге.

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2023 жылғы 1 маусымға зейнетақы активтерін ҚРҰБ инвестициялауының негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 46,96%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10,72%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттері – 5,68%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,70%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,38%, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 0,10%.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мынадай сипатқа ие: ұлттық валютадағы инвестициялар – 70,95%, АҚШ долларында – 29,01%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 564,07 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 28,53 млрд теңге, өзге кірістер – 2,09 млрд теңге болды. Бұл ретте шетел валютасын қайта бағалау 86,2 млрд теңге мөлшерінде шығын әкелді.

Осылайша, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2023 жылғы мамырдағы жалпы табыс оң болды.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 508,06 млрд.теңгеге жетті.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі инфляция 4,80% мөлшерінде болған кезінде 3,13% көрсетті.

Бұл ретте 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда (2022 жылғы маусымнан 2023 жылғы мамырға дейін) 11,39% болды.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етіледі.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Атап кететін жәйт, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.