АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ ҚАЛҒАН БӨЛІГІНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТЫЛУДА ЖӘНЕ М.ӘЙТЕНОВ ҚҰРСАЙДЫҢ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

306

Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700- ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапты. Алайда,  шағынауданда инфрақұрылым жобаларына  енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар.

Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі орам жүйелеріне құбыр тарту жұмысы атқарылып жатыр.

Шағынауданның қалған бөлігін мемлекеттік жүйедегі электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы биыл атқарылады. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Асар-2 ықшам ауданында кәріз құрылысы да қарқын алған.  Ішкі орамдық кәріз құбырының жалпы ұзындығы 39,6 шақырымды құраса, бүгінде оның 40 пайыздан астамы орнатылды. Нысан келер жылы қолданысқа беріледі.

 

М.ӘЙТЕНОВ ҚҰРСАЙДЫҢ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласы Құрсай шағын ауданына инженерлік-инфрақұрылым тарту жұмыстары жүзеге асуда. 8 мыңға жуық тұрғыны бар шағын ауданды сапалы ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған. Жалпы ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы 2 кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Қала әкімі М.Әйтенов аумақта атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Бірінші нысандағы 185,5 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйенің 72 пайызы орындалған. Құрылысты аяқтау мерзімі осы жылдың қараша айына жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгенде 17 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Екінші кезеңдегі су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым. 2021 жылы басталған құрылыс, биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Қазір бұл нысанда жұмыстың 74 пайызы аяқталған. Қала әкімі М.Әйтенов аумақта атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.