ШАРДАРА ПОЛИЦИЯСЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ МЕН ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

221

Шардара аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Отан қорғаушылар күні» мен «Ұлы Жеңіс күніне» арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Шардара ауданының ардагерлер кеңесінің 14 мүшесі, ішкі істер органдарының ардагерлері мен полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.

Жиын барысында Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Шералы Әділханұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, салтанатты түрде 48 полиция қызметкері мен 12 ІІО ардагерлеріне «Алғыс хат» марапатын табыстады.

Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы Шардара АПБ-да жұмыс істеген және құрметті зейнеткерлік демалысына шыққан ІІО мен Ауған соғысының ардагері, запастағы полиция майоры С.Мырзахметов, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тасқынбаев құттықтау сөз сөйлеп, зор денсаулық, отбасында амандық, бейбіт аспан, елдің гүлденуі мен қызметте одан әрі табыс тіледі.

Мерекелік іс-шара соңында тәртіп сақшылары, ардагерлер мен құрметті қонақтар естелікке суретке түсті.