ШАҺАР БАСШЫСЫ БІЛІМ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

71

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар білім беру нысандарын аралады. Атап айтқанда, №4 балалар музыка мектебі, Әл-Фараби атындағы №113 жалпы білім беретін мектебі және М. Мәметова атындағы №111 мектептерінде болды. Сондай-ақ жаңа “Оқушылар сарайының” құрылысын тексерді. Оқу орындарының ғимараты мен кабинеттерін, жалпы материалдық-техникалық базасын тексеріп, алдағы даму жоспарымен танысты.

Қазіргі таңда 120 орынға лайықталған музыка мектебі жалға алынған ғимаратта жұмыс істеп жатыр. Алайда, жергілікті тұрғындардың басым бөлігі баласын осы мектепке бергендіктен, бұдан артық оқушыларды қабылдау мүмкіндігі жоқ.

Әкім №113 және №111 мектептердің бос ғимараттарын да көріп шықты. Сараптама қорытындысы оларды апатты жағдайда деп танығанымен, визуалды тексеру барысында бұл күмән тудырды. Осыған байланысты ғимараттардың техникалық жағдайына қайта сараптама жүргізуді тапсырды. Нәтижесіне қарай, музыка мектебінің балансына беру мүмкіндігі қаралады. Шаһар басшысы кезекті аралау қорытындысы бойынша аудан әкімдігі мен жайлы ортаны дамыту басқармасына аулаларды тазарту және ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ көше жарығы мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

Айта кететін жайт №113 мектептің қарамағында тұрған бір гектардан астам аумақтағы бос жатқан жеміс бағы бар. Салалық басқарма бұл аумаққа жаңа музыка мектебін салуды ұсынды. Алайда, жасыл желекті сақтап, аумақты абаттандыру мақсатында жауапты мамандарға ағаштарды кеспей, бақты мектеп балансынан қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына өткізуді тапсырды.

Сонымен қатар, “Оқушылар сарайының” құрылысында болып, құрылыс жұмысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Шаһар басшысы кезекті аралау қорытындысы бойынша аудан әкімдігі мен жайлы ортаны дамыту басқармасына аулаларды тазарту және ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ көше жарығы мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды