ПОЛИЦЕЙЛЕР АРЫС АУДАНЫНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

223

«Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні» аясында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Арыс ауданының полицейлерімен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған акция ұйымдастырды.

Мәдениет үйінде өткен іс-шараға 150-ге жуық адам қатысты, оның ішінде дәрігер-наркологтар, білім және мәдениет өкілдері, жергілікті тұрғындар мен жастар қамтылған.

Кездесуде полицейлер мен мамандар есірткі заттарын қолданудың адам ағзасына зиян екенін айтып, тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы саласында жасалған құқық бұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілік барын ескертті.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары мұндай акцияларды өткізу- салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және жаман әдеттерден бас тартуға өз септігін тигізетінін атап өтті.

Акция соңында талантты өнерпаздар мен шығармашыл жастардың қатысуымен концерт өтті. Сондай-ақ қатысушыларға нашақорлықтың алдын алу тақырыбында ақпараттық материалдар таратылды.