Шымкент қаласының бас инфекционисті ковидтен көз жұмған науқастардың көбею себебін түсіндірді

684

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ковид орталықтарындағы науқастардың жағдайы мен жедел жәрдем қызметіндегі ахуал туралы баспасөз мәжілісі өтті. Шараға Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Б.Ережепов, қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Г.Құрманбекова, «Атамекен» медицина орталығының бас дәрігері И.Артықбаева және қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Т.Варзилов қатысты.

Онда Бақтығали Аюбайұлы қаладағы ковид орталықтарындағы жағдай туралы мәлімдеді.

– Қалада Жұқпалы аурулар ауруханасы 1-еу болғандықтан, ауыр халдегі 345 науқас ем қабылдауда. Оның 129-ы жан сақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, 88 науқастың халі ауыр болғандықтан аппаратқа қосылды. Қазіргі таңда Дельта штаммына байланысты жаңа емдеу хаттамасы шықты. Оған сәйкес вирусқа қарсы препараттарды алғашқы 12 күннің ішінде қабылдау керек. Ал науқастардың көбі ауруын асқындырып, 13-14 күннен соң келгендіктен емдеу нәтижесіз болуда. Айта кетейік, өздігінен емделу қайғылы жағдайларға алып келіп жатыр, – деді Б.Аюбайұлы.

Сонымен қатар, Т.Варзилов коронавирус және пневмония ауруларына шалдыққан әйелдердің асқынулары мен емдеу кезіндегі қиындықтарын айтты. Оның сөзінше, инфекция іштегі шаранаға кері әсер етіп, баланың өміріне қауіп төндіруде. Коронавирустан қорғау арқылы бала мен ана өмірін аман алып қалу тікелей жақындарына байланысты екендігін ерекше атап өтті.