«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы- ел қауіпсіздігі үшін бекітілген жоба

25

Түркістан қаласының тұрғындарының назарына елімізде «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы он ұлттық жобаны мақұлдаған болатын. Ол тізімге «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы да кіреді. Президент ұлттық жобаның негізгі міндетін нақты көрсетіп, ел қауіпсіздігін сақтау басты мақсат екенін атап айтты. Халықтың болашағы оның қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Қауіпсіздік – азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі жайлы ететін біраз аспектілерді қамтитын күрделі түсінік. Осыған орай, ел қауіпсіздігі үшін бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы қабылданған еді.

– Ұлттық жобаны іске асыру қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігі мен әскери нысандарды жетілдіруді қамтамасыз етеді. Отандық әскери саланы дамытуда және қазіргі әлемдегі Қарулы Күштердің имиджін айқындауда жаңа тәсілдерді әзірлеудің маңызы зор. Асиметриялық және гибридті сын-қатерлерге қарсы тұруға дайындық, әскери процесті басқаруда жаңа технологиялар мен автоматтандыруды енгізу – мұның бәрі бүгінгі күні ерекше маңызды, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы – Мемлекет басшысы айқындаған Ұлттық даму жоспарына, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және басқа да міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатын, еліміздің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді стратегия. Осы негізде ұлттық жоба аясында елімізде ауыр қылмыстар көрсеткіші мен құқық бұзушылықтар саны азайған. Кісі өлтіру, тонау, бұзақылық қылмыстарының ашылу көрсеткіші жоғары.

Қазіргі уақытта есірткі қылмысымен күресу бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Есірткі сатудың көптеген фактісі ашылып, кәнілі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы нәтижесінде соңғы жылдары нашақорлар саны әлдеқайда кеміген. Сонымен қатар, ұлттық жобаның маңызды көрсеткіштерінің бірі – елу типтік кешен. Жоба барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әскери қызметшілеріне арналған тұратын кешендер салмақ.

2021 жыл мен 2025 жылдары 71 миллиард теңге қаражатқа жобалап, құрылыс жұмыстарын бастау қолға алынған. Ұлттық жоба – ел азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарлама. Ол қылмыс пен терроризмге қарсы күрестен бастап, жолдар мен киберкеңістіктегі қауіпсіздікті жақсартуға дейінгі кең ауқымды қамтиды.

«Қауіпсіз ел» жобасының негізгі мақсаттары: қылмысты азайту: азаматтар үшін қауіпсіз жағдай жасау, құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және қылмыс санын азайту; жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру: жол инфрақұрылымын жақсарту, жүргізушілерді оқыту жүйесін жетілдіру, жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізу; киберқауіптерден қорғау: елдің киберқауіпсіздігін күшейту, кибершабуылдар мен киберқылмыстан қорғау, халықтың киберсауаттылығын арттыру.

Және экстремизм мен терроризмнің алдын алу: экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы тұру, жастармен жұмыс, шекаралық бақылауды күшейту және интернеттегі экстремистік насихатқа қарсы тұру. «Қауіпсіз ел» – бұл жай ғана шаралар кешені емес, заңнама мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған ұлттық жоба. Жерімізде қауіпсіз және тұрақты ортаны құру үшін мемлекет пен азаматтардың тұрақты күш-жігерін қажетсінетін жоба.

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының іс-шаралары жалпыұлттық басымдықтарға және елімізді дамытудың ұлттық жоспарының стратегиялық көрсеткіштеріне, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және мемлекет басшысы айқындаған басқа да міндеттерге қол жеткізу үшін аса маңызды тапсырмалары белгіленген мерзімде шешуге бағытталған.

Ұлттық жобада мынадай негізгі бағыттар көзделген: Қарулы Күштерді жаңғырту; азаматтық қорғаныстық мемлекеттік жүйесін дамыту; шекара қызметі әскери қызметшілерінің қызмет өткеру сапасын, ішкі істер органдарының жүйесін және экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесін арттыру. Тапсырмаларды іске асыру барысындағы тиімділіктер: қару-жарақтың қазіргі заманғы үлгілерін жасау; әскери объектілерді салу мен күрделі жөндеу; әскери басқару жүйесін жоспарлы цифрландыруды жүзеге асыру; табиғи және техногендік сипаттағы теріс әсерден қорғау объектілерінің инфрақұрылымдарын жаңарту; ТЖ қосымша бөлімшелерін құру, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін арттыру; шекара маңындағы ұлттық мүдделердің қорғалуын және шекара маңындағы халықтың жұмыспен қамтылуын көбейту; халықтың ішкі істер органдарына сенім деңгейін арттыру; халықтың радикалдану деңгейін төмендету, террорлық және басқа да зорлық акцияларын уақытында кесіп түсіру; республикалық бюджетке ақшалай қаражаттың салық түрінде түсуі, тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құру.

«Қауіпсіз ел» жобасы – жаңа сын-қатерлер мен қауіпсіздік қатерлеріне бейімделетін серпінді және үнемі дамып отыратын механизм. Алдағы уақытта ұлттық жоба негізінде төмендегідей жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда: жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін қолдана отырып, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру; көлік және коммуникация саласындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру; қауіпсіздік саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту; тұрғындар арасында қауіпсіздік техникасы бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.