«Қауіпсіз ел» – заңнама мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған ұлттық жоба
Түркістан қаласының тұрғындарының назарына «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының іс-шараларын орындау, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және қоймалардың құрылысына қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жайында тағылымды мәліметтерді ұсынамыз.
«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының бағыты– «Қарулы Күштерді жаңғырту». Ұлттық жобаны іске асыру қару мен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында қару-жарақтың тәжірибелік үлгілерін шығаруды, сондай-ақ әскери объектілерді жетілдіруді қамтамасыз етеді. Қарулы Күштер заман талабына сай мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, халқының ұлттық мүддесін қорғауға әркез дайын тұруы қажет. Мұның бәрін ел басшылығы келешекте әскерді дамытуды жоспарлау кезінде ұдайы ескеріп отырады. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады.
Алдағы уақытта Қарулы Күштерді ақпараттандыру мен ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдаланудың ауқымын кеңейту мәселесі тұр. Сонымен қатар әскери ғылымды дамыту мен ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіруге де көңіл бөлінуде. Заманауи үлгідегі техникамен және қару-жарақпен жұмыс істей алатын кадрларды даярлау да жоспарда тұр. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері мен алыс шетелдердің ғылым-білім беру мекемелерімен байланыста болу үшін жұмысты күшейту маңызды. Қазір жан-жақтағы әскери-саяси жағдайдың өзгеруіне куә болудамыз. Өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлердің бар екені мәлім, сол үшін де қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қабылдау қажет болып тұр. Қарулы Күштер қазіргі заманға сай үздік әскери стандарттарға сәйкес болуы аса қажет. Әскери қауіпсіздік саласында осыған орай нормативтік құжаттар бекітілген. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы 2021 жылғы тамызда бекіткені бәрімізге мәлім. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті стратегиялық және бағдарламалық құжаттар осыған байланысты әзірленген еді. Яғни 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының «Елдің қорғаныс қабілетін нығайту» бөлімі, жаңа Ел қорғанысы жоспары құжаттарының жиынтығы, жаңа 2030 жылға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасы осыған дәлел бола алады.
«Қауіпсіз ел» – бұл жай ғана шаралар кешені емес, заңнама мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған ұлттық жоба. Бұл елде қауіпсіз және тұрақты ортаны құру үшін мемлекет пен азаматтардың тұрақты күш-жігерін талап ететін үздіксіз процесс.»Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы жалпыұлттық басымдықтарға және мемлекетті алға жылжыту мақсатында құрылған стратегиялық көрсеткіштерге негізделген. Аталған жоба елдің ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және президент нақтылаған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Нақты белгіленген маңызды тапсырмаларды өз уақытында шешуге бағытталған.»Қауіпсіз ел» жобасы – жаңа сын-қатерлер мен қауіпсіздік қатерлеріне бейімделетін серпінді және үнемі дамып отыратын механизм. Болашақтаұлттық жоба негізінде мына жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланып отыр:
Жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін қолдана отырып, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру;Көлік және коммуникация саласындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру;
Қауіпсіздік саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту;
Тұрғындар арасында қауіпсіздік техникасы бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;Жалпы «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы – еліміздің дамуы үшін қауіпсіз және тұрақты ортаны құруға және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық жоба. Жобаны іске асыру заманауи сын-қатерлер мен қауіпсіздік қатерлерін ескеретін кешенді тәсілге негізделген. «Қауіпсіз ел» жобасының міндеттерін сәтті шешу – еліміздің ұлттық басымдықтары мен стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізудің ең маңызды шарты.
Үкімет қаулысына сәйкес 2023 жылы ұлттық жоба күшін жойды, аяқталмаған іс-шаралар бұдан әрі іске асыру үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаттарына ауыстырылды. Қазақстан көршілес елдермен берік достық қарым-қатынас орнатып, әлемнің жетекші державаларымен сенімді әріптестікті реттеді. Бұл ретте жауынгерлік қабілеті жоғары қуатты армия ел қауіпсіздігінің маңызды кепілді қорғаны екені анық. Ұлттық жобаны іске асыру қару мен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында қару-жарақтың тәжірибелік үлгілерін шығаруды, сондай-ақ әскери объектілерді жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Қарулы Күштерде ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану ауқымын кеңейту, әскери ғылымды дамыту және ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіру мәселелеріне жеке назар аударылады.Бұл ретте сыни тұрғыда ойлауға және шешім қабылдауға қабілетті, қазіргі заманғы үлгідегі техникамен және қару-жарақпен жұмыс істей алатын кадрларды даярлау мәселесі де өзекті болып отыр. Осы жұмысты күшейту мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің және алыс шетелдердің ғылым-білім беру мекемелерімен байланысты кеңейту маңызды.Біз әлемдегі әскери-саяси ахуалдың өзгеруіне куә болып отырмыз. Одан әрі қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатердің бар екенін айқын көрсетеді. Қарулы Күштер үздік қазіргі заманғы әскери стандарттарға сәйкес болуға тиіс.