Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықты алдын алу жолдары іске асырылуда

26

Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамытуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы ретте Түркістан қаласының тұрғындарының назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Сыбайлас жемқорлық — бұл адамның көздеген мақсатына оңай әрі тез жету үшін, «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүріп, оңай жолды таңдау арқылы Қазақстан Республикасының бекітілген заңын бұзып, ақша ұсынуы және оны өз еркімен қабыл алуы. Сыбайлас жемқорлық сөзінің өзі сындыру, құрту, бүлдіру деген мағынаны білдіреді. Бұл бізге сыбайлас жемқорлық кез келген елді құртып, халықтың арасына іріткі салып, келешегіміздің бұлыңғыр болатынын түсіндіреді. Бұл тезистің мақсаты: сыбайлас жемқорлықты алдын алу. Тезистің міндеттері: көпшілікке парақорлыққа қарсы іс-қимылдарды насихаттау; ғаламдық мәселенің алдын алу және шешімін табу; қоғамға кедергі келтіретін, әлемдік дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресу. Жемқорлық «Коронавирус» іспеттес десек қате болмас еді. Коронавирус секілді әлемнің түкпір түкпірін жайлап алды да, қоғаммен өсіп, дамуда. Жемқорлықтың осылай белең алуы қазіргі таңдағы басты мәселеге айналды. Міне, осыдан «Бұл ауқымды мәселені шешу үшін қандай шаралар жасалып жатыр? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалай қалыптастырамыз?» — деген сан алуан сұрақтар туындайды. Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бар. Егер Қазақстан азаматы немесе азаматшасы пара беру барысында ұсталса, жоғарыда аталған заң бойынша ауыр жазаға тартылады. Алайда, бұған қарамастан қаншама адамдар жемқорлықтың өсуіне өз үлестерін қосуда. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер, жоғары лауазымды адамдар. Қаншама қарапайым халық сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанайқайларын баспасөздерде жеткізген болатын. Бірақ өте өкініштісі сол адамдарға ақшаны өздері ұсынатындығында… Себебі, қазіргі таңда адамдардың түп санасында бұл заманды ақша билейді деген қағида қалыптасып кеткен. Бұл түсінікті алдын алу үшін ең алдымен әр жеке тұлға санасын, бұл мәселеге деген көзқарасын өзгертуі қажет. Біріншіден, адам саналы түрде пара сұрауды тоқтатуы қажет, тіпті ұсынған жағдайда қажетті органдарға дереу ескертуі тиіс. Осылайша, сол адамдар өз жазасын алады. Егер осылай жасасақ пара ұсынушы және оны қабыл алған адамдардың бойына қорқыныш ұялайды, әрі пара беремін деген ой екінші рет туындамайды. Ең бастысы, олар бұл жағдайдан сабақ алары сөзсіз. Екіншіден, тәрбие мен мәдениеттілікке тікелей қатысы бар.

Бұлай ерекшелеп айтуының өзі еліміздің болашағы жастардың қолында екенін, олардың еліне адал болуы, түзу жолды таңдауы, сыбайлас жемқорлықтың орын алуын болдырмауы еліміздің өркендеуіне біршама үлес қосатынын көрсетеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында адал еңбек пен маңдай термен тапқан әр тиын — нағыз ардың ісі екенін, өскелең жастарға да бұл қасиетті бойларына сіңіріп, тәрбие беру керек екенін жеткізеді. Осы бастан өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетін, сыбайлас жемқорлық біздің қоғамда өмір сүріп жатқан «құбыжық» екенін түсіндіру керек. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда пара алу, пара беру бойынша көрсеткіш 20 %-дан астам азайған. Бұл қуантарлық жайттардың бірі. Ұйымның рейтингі бойынша 1-орында Дания, ал соңғы орындардың біріне парақорлығы басым Венесуэла орналасқан. Ендігі кезекте осы елдерді сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша салыстырып көрсек. Дания — ең бақытты елдер рейтингінде 1-ші орынды алады. Себебі, бұл ел — әлемде жемқорлықтан ең таза ел. Қылмыс та, түрме де өте аз. Сотталған адамдар демалыс кезінде үйлеріне барады, тіпті олар жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар. Заңға қарапайым адамнан, билік басында отырған адамдар да қатаң бағынады. Дания еліндегі сыбайлас жемқорлықтың аз болуының негізгі себептері мынадай: 1) мемлекет пен ел тұрғындарының жауапкершіліктерінің жоғары деңгейде болуы; 2) жұмысқа тұру барысында және компаниялардың өз ішінде арнайы заңының болуы, екі жақтан келісімді түрде пара алуға немесе бермеуге әрекет жасаулары; 3) жемқорлық туралы заң бойынша кімде кім пара берсе, ұсталса немесе күдікті ретінде саналса ұзақ жылға бас бостандығынан айырылып, мансабымен қош айтысады; 4) елдегі ақша айналымы ашық түрде жүргізіледі. Кіріс пен шығыс қатаң бақыланып отырады. Бұл елдің экономикасы дамыған және тұрғындардың өмір сүру жағдайлары жоғары екенін көрсетеді. Егер кез келген елде жемқорлық жоқ болса, халқы бақытты, елі тыныш және өмір сүруге қолайлы болар еді.

Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықты алдын алу жолдары іске асырылуда. Мемлекет басшысының өкілетті органның алдына қойған талаптарының орындалуына байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысшылар құрылымы қайта қаралды. Экономиканың құлдырауына себепкер болып отырған лауазымды тұлғалардың әрекеттерін әшкерелеу мақсатында лауазымды тұлғалардың қаржыларын тергеу бөлімшесі құрылды. Тәулік бойы бақылау орнату үшін электронды бақылау жүргізу құралдары орнатылуда. Біздің жауабын таба алмай жатқан ауқымды мәселенің шешімі негізі оп-оңай. Ол — Отанға деген шексіз махаббат, яғни патриотизм. Қазір жасалып жатқан шаралар болсын, алдағы уақытта қолға алынатын шаралар болсын, ұйымдар болсын әр қандасымыздың бойында Елімізге деген кішкене ыстық сезім, сүйіспеншілік болмаса, бәрі бекер екені мәлім. Отанға деген махаббат, елге адал қызмет ету, өз халқына жанашыр болу, біреуге пара беріп, пара бермеуі. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң жүйесін өзге елдердегідей қатаңдату қажет. Мысалы, жемқорлыққа қарсы ең ауыр жазалар Қытайда қолданылады. Сонымен қатар, Сингапурдың заңдар жүйесін қарауға болады. Қорытындылай келе, әр адам өз-өзімен жұмыс жасау керек, тек бас пайданың қамын емес, елдің келешегін ойлау қажет. Саналы ұрпақты тәрбиелеп, олардың бойына адал қызмет ету, заңсыз жолмен келген ақшамен шалқып өмір сүру бақыт емес, керісінше, болашағы жарқын елде өмір сүру үлкен бір бақыт екенін түсіндіруі қажет. Әрине, үкімет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар үнемі жағдайды қатаң түрде бақылауда ұстаулары маңызды. Еліміздің амандығы мен дамығанын, бәсекеге қабілетті мықты елдер қатарында болғанын қаласақ, сыбайлас жемқорлықты жеңуге бірге ат салысуымыз қажет. Бірлікте болсақ, заңға сүйеніп әрекет етсек алынбайтын қамал жоқ. Сананың өзгеруі адамның ішкі жан дүниесін, пейілін өзгерткенде, өзін саналы тұрғыдан өзгерткісі келсе, бәрі дұрысталары анық.