Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізілгені дұрыс

7

Түркістан қаласының тұрғындарының назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту бағытында елімізде атқарылып жатқан түрлі шаралар туралы мәләметтерді ұсынамыз. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган үшін қылмыстық қудалауға қарағанда, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын айқындау мен жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау басымдық болуы тиіс. Бұл ретте назар жергілікті билік органдарының қызметіне де аударылуы тиіс, өйткені, өңірлердегі істердің жай-күйі үшін олардың өкілеттіктері мен жауапкершілігі кеңейтіледі және дәл солар өз мемлекеттік көрсетілетін қызметтерімен азаматтардың күнделікті мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Тұтастай алғанда, уәкілетті органның қызметінде оның құқық қорғау және реттеуші функциялары арасындағы теңгерім сақталуы тиіс. Мемлекеттік функцияларды орындаған кездегі мүдделер қақтығысы да мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін маңызды себептердің бірі болып табылады. Мемлекеттік функцияларды, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру тетіктерін егжей-тегжейлі талдау сыбайлас жемқорлықтың таралуына ықпал ететін себептерді айқындауға және жоюға мүмкіндік береді.Осы күнге дейін азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқықтық ағартуға, әсіресе, халықтың күнделікті өмірінде неғұрлым сұранысқа ие қолданыстағы құқықтың салалары мен нормалары бойынша жеткілікті көңіл бөлінбей келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат негізінен бір жолғы акциялармен және науқандармен, бұқаралық ақпарат құралдарындағы шаблон түріндегі сөздермен шектеледі, интернет-кеңістік жеткіліксіз пайдаланылады.Іс жүзіндегі ақпараттық өріс сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда қоғамды шоғырландыруға әрдайым ықпал ете бермейді.Сыбайлас жемқорлық проблемаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет қабылдап жатқан шаралардың тиімділігін зерделеуге арналған социологиялық зерттеулердің деңгейі мен сапасы жетілдіруді қажет етеді. Қызметтік этиканың нормалары мен қағидаларын бұзушылықтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өзінен әлі де заңнамалық деңгейде аражігі ажыратылған жоқ, бұл сыбайлас жемқорлықтықтың нақты көрінісін бұрмалайды, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өзекті бағыттарына күш-жігерін шоғырлауға кедергі жасайды және елдің сыбайлас жемқорлық рейтингісінің негізсіз өсуіне әкеледі.Бұл ретте сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері мен тиісінше оларды жасағаны үшін қолданылатын жаза деңгейлері арасындағы аражік нақты ажыратылмаған.Жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне деген тәсілдерді де айқындау уақыты келді.

Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуы сыбайлас жемқорлықтың таралу саласын және оның анықтамасына жататын адамдар тобын айқын түсінуге негізделуі тиіс. Бұл ретте бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілер мен елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету ісінде қиындықтар жасалмауы тиіс. Тұтастай алғанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы қысқаруға тиіс.Тәуелсіз Қазақстанның жалпы әлемдік кеңістікке одан әрі кірігуі бойынша жасап жатқан қадамдары біздің елімізді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде қабылданған белгілі бір халықаралық стандарттарды ескеруге міндеттейді.Сонымен бірге, мұндай стандарттар шетелдік серіктестердің ұсынымдарын пайдаланып қана енгізілмеуі тиіс. Халықаралық тәжірибе оның ережелерінің ел Конституциясына, қалыптасқан заңнамалық және құқық қолдану практикасына сәйкес болуы тұрғысынан, дәстүрлі және біздің елге тән құқықтық тетіктер мен институттардың қалыптасу және жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, мұқият зерделенуге және егжей-тегжейлі талдауға жатады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесін қалыптастыру үшін ең алдымен қазіргі заманғы жағдайларда оның көріністеріне ықпал ететін негізгі факторларды айқындау қажет.Оның ішінде қазіргі уақытта неғұрлым өзектісі біріншіден, олардың нормалары құқық қолдану кезінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасауға көбіне жағдайлар жасайтын салалық заңдардың жетілдірілмеуі болып табылады.Құқықтанудың қыр-сырын білмейтін азаматтар үшін практикада мұндай заңдардың ережелерін дұрыс түсіну мен тиісінше ұғыну қиынға соғады.Екіншіден, мемлекеттік және корпоративтік басқару ашықтығының жеткіліксіз болуы. Басқарушы шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестері, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер туралы сөз болған жағдайларда әлі де ең жабық процестердің бірі болып қалуда.Үшіншіден, лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кездегі халықпен тікелей байланысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сақталуда. Төртіншіден, халықтың, оның ішінде мемлекеттік сектор қызметшілерінің өздерінің құқықтық мәдениетінің деңгейі әлі де төмен, бұл арам пиғылды қызметкерлерге оны пайдакүнемдік, құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді.Бесіншіден, азаматтар мінез-құлығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бойынша кешенді және мақсатты ақпараттық жұмыстың болмауы.Алтыншыдан, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының еңбекақысының және мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіз деңгейі.

Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендейді.Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану пайдасыз және мүмкін емес болатын шараларды одан әрі қабылдап, жағдайлар жасайды.Осындай маңызды шаралардың бірі мемлекеттік қызметшілердің тек қана кірістерін емес, сондай-ақ шығыстарын да декларациялау болмақ. Бұдан әрі мұндай декларациялау бүкіл халыққа қолданылады, бұл мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылықты сақтауға және ашықтықты қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.Кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялауға көшу халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ұлттық заңнамаға дәйекті имплементациялауды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу жұмысын күшейтудің тағы бір маңызды факторы бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі болып табылады. Мұндай тәсіл мемлекеттік қызметте парасаттылықты қамтамасыз ету жүйесін едәуір нығайтады.Жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің көрсеткіші ретінде сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау да алдын алу шараларын қарқындатуға ықпал етеді.Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту үшін шенеуніктердің еңбекақысы мен әлеуметтік жеңілдіктерін мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің кеңеюіне қарай одан әрі кезең-кезеңмен жоғарылату көзделген. Бұл міндет мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының жекеше сектормен салыстырғанда әзірше бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз екендігін ескере отырып та өзекті бола түседі.Мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының табысты болуының негізі.

Сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі шенеуніктің азаматпен тікелей байланысы болуы да болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болады.Осыған байланысты бірқатар мемлекеттік функцияларды мемлекеттік емес секторға – өзін өзі реттейтін ұйымдарға кезең-кезеңмен беру бойынша шаралар қабылданатын болады.Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кең пайдалану да адам факторының ықпалын барынша азайтады.Нәтижесінде халыққа электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің көлемі өсетін болады, оның ішінде осындай форматта рұқсаттарды беру де қамтамасыз етіледі.Білім беру мен денсаулық сақтауды қоса алғанда, әлеуметтік саланың базалық салаларында тиісті қызметтерді электрондық түрде көрсету сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді.Қызметтің неғұрлым сыбайлас жемқорлықшыл саласына жататын мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңғыртылатын болады. Нақ осында әрбір төртінші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалады.Ахуалды түбегейлі жақсарту үшін бірыңғай операторды бекіту, тауарларды автоматтандырылған түрде таңдауды енгізу, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдау рәсімін жетілдіру сияқты шаралар қажет етіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде кеден, салық салаларында, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, банк қызметі салаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдері барынша автоматтандырылады.