Мүмкіндігі шектеулілерге жағдай жасау — басты талап

688

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында құрылған жұмысшы топ Заңға сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүрiп-тұруына жағдай жасауға мiндеттi екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерін түгендеуді жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес, аудандарда арнайы жұмысшы топ құрылған.

Еңбекші ауданындағы жұмысшы топ аудандағы әлеуметтік және коммерциялық нысан иелеріне «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүрiп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi екендігі түсіндірілді. Құзырлы басқарманың мамандары әр коммерциялық нысан иелеріне жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді.