ҚАРАШЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

37

Қарашық ауылдық округінде 2012-2013 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында волейболдан республикалық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан жалпы 17 команда қатысып, тартысты ойындар көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.

Турнир барысында қатысушылар жоғары деңгейде ойын көрсетіп, шеберліктерін паш етті. Қарсылас командалармен болған сәтті ойындары арқасында, 1-ші орынды Түркістан қаласының командасы жеңіп алды. Ал, 2-ші орынды Жамбыл облысының командасы иеленді. 3-ші орынға Мақтарал және Сауран аудандарының командалары лайық деп танылды.

Бұл турнир жасөспірім қыздар арасында волейбол спортының дамуына зор үлес қосып, қатысушыларға жаңа тәжірибе мен дағды жинақтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жеңіске жеткен командалар алдағы уақытта республикалық деңгейде бақ сынайтын болады.