ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА МУРАЛДАР САЛЫНАДЫ

19

Әл-Фараби ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің сыртына көркем муралдар салу арқылы қала көркін жақсарту жұмыстары қолға алынуда. Бұл бастама тұрғындарға эстетикалық ләззат сыйлап, қаланың көркін ашады. Атап айтқанда, А.Жангельдин көшесінде (№2, 2А, 26), Ш.Қалдаяқов көшесінде (№1/3), А.Асқаров көшесінде (№5), және Теріскей шағынауданындағы (№19, №20, №41, №42) үйлердің қасбеттеріне муралдар салынады.

Ауданда ирригация жүйесі бар көшелердің жалпы ұзындығы 173,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде 69 көшенің басты жолдарында және 141 ішкі орам көшесінде жүйелер орнатылған. 2025 жылға қарай 13 мекенжайда, ұзындығы 2,82 шақырымды құрайтын жаңа ирригациялық жүйе орнату жоспарланған. Бұл жұмыстар Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жүзеге асырылады.

Аудандағы көпқабатты үйлердің аумағы 7 секторға бөлініп, тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Тазалыққа жауапты:

  • «Әл-Фараби» КММ тарапынан 21 техника мен 161 қызметкер ішкі орамдардағы тазалыққа жауап береді.
  • Негізгі көшелерде «Таза Өлке» ЖШС-і тарапынан 68 техника мен 382 қызметкер жұмыс істейді.

Бұл шаралар аудан тұрғындарына таза және жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.