АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН КӨТЕРГЕН КӘСІПКЕРГЕ ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Атап айтсақ, 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын көтерме сауда орталығынан алған бағадан 15 пайыздан қымбат сатса, сол кәсіпкерден Заң талаптарына сай түсініктеме алынып, айыппұл салу бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Бүгін аталған өзекті мәселе аудан әкімі Аскар Естибаев төрағалығымен өткен апталық жиында қаралды.
Қазіргі таңда аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша ірі 9 сауда орталығымен меморандум түзіліп, аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы штаб бақылауында болады.
Аудан басшысы жауапты орынбасарларына, бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне сауда қатарларындағы әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларына үнемі мониторинг жүргізіп отыруды тапсырып, бағасын көтеру фактісі орын алған жағдайда ескерту жасап, ескертуге көнбесе айыппұл салу бойынша тиісті шараларды қабылдауды міндеттеді.
Бұдан бөлек, аппараттық жиында аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, жұқпалы аурулардың алдын алу, аймақтағы бейне бақылау камераларының қазіргі жағдайы қаралды.
Қазіргі таңда ауданымызда 11 мал өлекселерін тастайтын арнайы шұңқыр бар, бұл жауапты мамандардың айтуынша жеткіліксіз. Қосымша 2 шұңқыр қажеттілігі бар.
Осы ретте, аудан әкімі шұңқыр аса қажетті Майлыкент және Жаскешу ауылдық округтеріне қажетті жер телімін дайындап, соғу бойынша қаржы қарастыруға тиісті құжаттарды әзірлеуді тапсырды.
Ал, тұрғындарды ит қабу фактісін жою мақсатында, аулау жұмыстарынан бөлек, ауыл әкімдері мен полиция қызметіне бірлесіп, қараусыз көшеде жүрген ит иелеріне айыппұл салу жағын ескертті.
Айта кетерлік, өткен жылы 412 ит қабу жағдайы тіркелсе, биылғы жылдың басынан бері 23 факті орын алған.