ТҮРКІСТАНДА АССАМБЛЕЯ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР

45

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің бірлескен отырысы өтіп жатыр.

Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев модераторлық етті.

Келелі кеңесте сөз алған Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов пен ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова өңіріміздегі бірлік пен тұрақтылықты нығайту, этносаралық келісімді жандандыру, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға және ҚХА-ның 30 жылдығы аясында өңірде өтетін іс-шараларға тоқталды.

Бірлікті бекемдеген басқосуға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудан, қалалардағы филиалдарының басшылары, аудан, қалалардағы ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық білім, денсаулық, мәдениет басқармасының және полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысып отыр.

Жиын қатысушылары Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің, этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың облыс аумағында іске асуымен танысып, алдағы атқарылатын жұмыстар жайын талқылауда.

Басқосу сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салмақ.