«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

44

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде арнайы мобильді топ құрылып, тұрғындар мен кәсіпкерлерге ретсіз қоқыс тастаудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара Бабайқорған ауылдық округінде жүзеге асырылды.

Мобильді топтың негізгі мақсаты – аудан аумағындағы тазалықты қадағалап, қажет болған жағдайда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Олар күн сайын әртүрлі аумақтарды аралап, тазалық талаптарының сақталуын бақылауда. Сонымен қатар, ретсіз қоқыс тастаған тұрғындар мен кәсіпкерлерге экологиялық тәртіпті сақтау маңызды екенін түсіндіреді.

Қазіргі таңда мобильді топтың жұмысы жүйелі әрі нәтижелі түрде жүргізілуде. Олар экологиялық заңнама мен тазалық сақтау ережелері туралы ақпарат беріп, әрбір азаматтың қоршаған ортаны таза ұстауға жауапкершілікпен қарауына ықпал етуде. Тұрғындар мен кәсіпкерлер өз аумақтарын таза ұстауға үлес қосуға шақырамыз.