ТҮРКІСТАНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

25

Бүгін қала әкімінің орынбасары М.Қырықбаевтың төрағалығымен Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмысшы тобының кезекті отырысы өтті.

Жиында қоғамдық қауіпсіздік пен экстремизмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар қаралып, күн тәртібіне екі негізгі мәселе енгізілді.

Алғашқы мәселе ретінде қалада тіркелген деструктивті діни ағым (ДДА) жақтастарына және олардың жақын туыстарына қатысты жүргізіліп жатқан профилактикалық оңалту жұмыстары талқыланды. Бұл жөнінде Түркістан қалалық және Сауран аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының басшысы Ділмұрат Нұржанов, қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Оралбаев және қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова баяндама жасап, осы бағытта қолға алынған іс-шаралар мен алдағы міндеттерді ортаға салды. Олар идеологиялық қарсы әрекеттерді күшейту, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын кеңейту және алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмысшы тобының №1 хаттамасының орындалу барысы. Бұл туралы терроризмге қарсы комиссия хатшысы Жасұлан Опаш баяндап, хаттамада белгіленген тапсырмалардың орындалу деңгейі мен алдағы жоспарлар жөнінде есеп берді.

Отырыс барысында қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайту, деструктивті діни ағымдармен күресті күшейту, құқық қорғау органдары мен тиісті мекемелердің өзара іс-қимылын жандандыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Түркістан қаласы әкімдігі экстремизмнің алдын алу, терроризмге қарсы күресті күшейту және тұрғындар арасында тұрақтылықты сақтау мақсатында жүйелі жұмыстарды жалғастыра беретінін мәлімдеді.