Байыпты бастама – дамудың кепілі
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында елдің алдағы кезеңдегі дамуының негізгі міндеттерін, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және экономикалық өсуге бағытталған бастамалар мен жаңа бағыттарды айқындады. Жолдаудың мазмұны туралы алғашқы әсеріммен бөлісе отырып, әлеуметтік-экономикалық саясатты жетілдірудің жоспарланған бірқатар бағыттарын атап өткім келеді.
Олардың ішінде мемлекеттік қаржыны, инфляция деңгейі мен азық-түлік бағаларын басқару; өңдеу өнеркәсібі экспортының 1,5 есеге артуы; агроөнеркәсіп кешені, агломерация туралы; жалақының өсуі; IT-саланың жедел дамуы; аймақтық саясатты жетілдіру және тағы басқалар.Мемлекет басшысы Қазақстан пандемия салдарын жеңуде салыстырмалы түрде табысты деп санайды.
Агломерация, тауар айналымы, логистика мәселелерімен айналысатын ғалым ретінде мен ел Президентінің азық-түлік тауарларына баға белгілеу мен таратудың тиімсіздігі туралы көтерген мәселесінің маңыздылығын атап өткім келеді. Қазіргі уақытта әлемнің дамыған елдеріндегідей Қазақстан үшін көтерме-тарату орталықтарын құру өте маңызды. Бұл агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына, азық-түлік жеткізушілеріне, сауда субъектілеріне тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді және делдалдар санының азаюына, өнім бағасының төмендеуіне және қызмет көрсету деңгейінің жоғарылауына әкеледі.
Ел Президентінің Үкімет пен Парламентке берген тағы бір маңызды тапсырмасы — агломерацияны дамыту туралы Заңды әзірлеу. Урбанизация үдерісінің өсу тенденциясын агроөнеркәсіптік кешеннің мүмкіндіктерін кеңейту болашағына қатысты қарастырған жөн. Агломерациялар Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық өсу нүктелерінің тірегіне айналуы тиіс.
Елдің қала мен ауылдық елді мекендерінің тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартатын қызметтер көрсетуге біркелкі талаптарға әкелетін аймақтық стандарттар жүйесін енгізу маңызды деп санаймын.
Президент бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін болашаққа барынша цифрландыру қажет екенін көрсетті. Бұл жерде Қазақстанның Еуразия аймағының едәуір бөлігінде орталық цифрлық хабқа айналуының болашағы бар, өйткені біздің елдің ақпараттық -телекоммуникациялық әлеуеті зор. Цифрландыру аясында кем дегенде 100 мың жоғары деңгейлі ІТ-мамандарын даярлау қажеттілігі туралы айтылды. Жоғары оқу орнының қызметкері ретінде айтарым, мұндай міндет сапалы білім мен озық ғылымға сүйенбей шешілмейді.
Ел Президенті бұл мәселелерді шешуде білім мен ғылымды, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдерін қолдау мемлекеттің назарында екендігін тағы да көрсете білді.
Мұғалімдер мен жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы өсуде, сонымен қатар мектептер мен жоғары оқу орындарының дарынды түлектерін даярлауға ынталандыру шараларын жасау бойынша тапсырмалар берді және бұл жұмыстың күшейтілетініне басты назар аударды.
Ғылымды дамыту бойынша жұмыстар көрсетілген. Заңнамаға осы жылдың соңына дейін өзгерістер енгізу жоспарлануда. Негізгі қаржыландыруға жетекші ғалымдардың жалақысы қосылады. Іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру критерийлері мен іріктеу ережелері әзірленеді және бекітіледі. Сонымен қатар гранттық қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту және Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдеріне шағымдану институтын енгізу жоспарлануда. Бұл тапсырмалар іске асатын болса, онда Қазақстан ғылымының одан ары дамуына үлкен өзгерістер болатынына сенемін.
Қазақстан әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға үнемі қамқорлық жасауда. Осыған байланысты, азық-түлік бағасын шектеу бойынша белгіленген жоспарлардан басқа мемлекет басшысының ең төменгі жалақыны 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42,5 мың теңгеден 60,0 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешімі өте дер кезінде қабылданды. Бұл шара 1 миллионнан астам адамға әсер етеді. «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары жалғасын табады.
Мұның бәрі жалпы алғанда азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға әсер етеді және экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп ойлаймын. Мен жоғары оқу орындары қызметкерлерінің мемлекет басшысы қойған жоғарыдағы міндеттерді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салатынына сендіргім келеді. Өйткені, Жолдауда айтылған байыпты бастамалар – дамудың кепілі!
Бақыт СЫЗДЫҚБАЕВА,
Экономика ғылымдарының докторы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Университетінің профессоры