АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті. Апталық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшыларымен ауыл округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде ағымдағы жылдың қаңтар айының әлеуметтік-экономикалық даму және 2025 жылға жоспарланған облыс көлеміндегі көрсеткіштер, мемлекеттік сатып алу жұмыстарының барысы, 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер, құрылыс,саулет және қала құрылысы бөлімінің атқаратын жұмыс жоспарлары мен міндеттері, аудан көлеміндегі сыртқы көрнекі құралдарының жай-күйі талқыланды.
Аудан басшысы Түркістан облысы әкімінің төрағалығымен өткен жиында аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардың жұмысын бағалау мақсатында арнайы ретингті есептеу жүйесі әзірленгенін және осы бағыттағы жұмыстарды жандандандыру аясында тапсырмалар берілгенін айтты. Аталған тапсырмалар негізінде аудандық экономика және қаржы бөлім басшысы Алтынай Сихымбаева негізгі көрсеткіштер жоспары, бағалау жүйесінің облыс тарапынан тоқсан сайын жүргізілу блоктары мен индикаторлық тізбесін баяндады. Әр салаға жеке-жеке саралап, “КАСКАД ӘДІСІ” арқылы бағалау маңыздылығына тоқталды. 67 бағалау жүйесіндегі көрсеткішінің 9 блокқа жинақталу негізінде өндіріс орындарын ашу, өнеркәсіпті дамыту, ішкі кірістерді ұлғайту бағыттарына сәйкес экономикалық даму индикаторы ай сайын есептелініп, тоқсан сайын шығарылатынын жөнінде айтылды. Осы жұмыстар аясында жоспар бойынша жіктеп, сала, аудан әкімі орынбасарларына назарда ұстау арқылы әр жобаны нақты әрі уақытылы жүзеге асыру жолында тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылды.
Аудандық құрылыс, саулет және қала құрылысы бөлім басшысы Талғат Омарқұлов аудан деңгейінде құрылыс нысандарының және инженерлік инфрақұрылым нысандарының даму жоспары жөнінде баяндамсында тұрғын үй құрылысы 2024 жылы атқарған жұмыстары мен 2025 жылға жоспарлар жүйеленгенін жеткізді. Одан соң аудан көлеміндегі сыртқы көрнекі ақпарат құралдарын ретке келтіру бойынша ауыл округтеріне тапсырмалар берілді.
Аудан басшысы көктемгі дала жұмыстары бойынша сала басшысына бекітілген жоспарға сәйкес жер жырту жұмыстары өз мерзімінде аяқталуын және шаруаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар жөнінде тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.
Қоғамдық-саяси ахуал аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау және тұрғындармен тиімді байланыс орнату қажеттігі атап өтілді.
Мәжіліс қорытындысымен аудан басшысы тиянақты жұмыс жүргізбеген сала, ауыл әкімдерінің жауапкершіліктері қаралатынын және өз міндеттерін уақытылы әрі сапалы атқару міндет екенін айтты.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі