Газ-техникалық инспекция жылу маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады

580

Шымкент қаласында жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда газ-техникалық инспекция бөлімі қала аумағындағы тұтынушыларға үйішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуші аттестатталған ұйымдармен (ВДГО) атқарылған жұмыстар бойынша жиын өткізді.

Тұтынушылардың тұрмыста газ пайдалану қауіпсіздігін сақтауға жасасқан келісімшартта көрсетілген міндеттерді орындау және жылыту маусымына дейін техникалық қызмет көрсету келісімшартымен тұтынушыларды толық қамту мәселелері талқыланды.

Қалада көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау, газ жабдықтарының техникалық қауіпсіздігін тексеру, тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары — басты назарда.