ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ОҚУШЫЛАР ГРЕКИЯДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

«Central Asia FIRST Championship/Almaty Tech Cup 2025» конкурсының Орталық Азия кезеңінің Алматы қаласында өткен чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғаған Қазығұрт ауданының First Lego League Challenge (10-16) және First Lego League Explore (6-10) санаттары бойынша «QAZYGURT», «ROB», «QARSYBAEV» құрамалары қатысты.
Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия, БАӘ, Гонконг және тағы басқа елдерден 3500 оқушы қатысты. Нәтижесінде, «QAZYGURT» құрамасы инновациялық жобадан І орын, жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орынды иеленіп, Грекия мемлекетінде өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алды.
«QAZYGURT» құрамасы алда өтетін әлемдік чемпионатта ел намысын қорғайды.