«ӘДЕБИ ФИНАЛ – 2024» ОБЛЫСТЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

40
Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2024 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын облыстық «Әдеби финал – 2024» семинары өтті.
Жиынды Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Ибадуллаев ашып, кітапханашылар еңбегінің маңыздылығы туралы сөз қозғап, кітапханашылардың жұмысына сәттілік тіледі.

Семинар барысында Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Үздік аудандық кітапхана-2024» иегері атанып, дипломмен марапатталса, кітапхана ісінде атқарған қажырлы еңбегі үшін директор Еспембетова Феруза Небосынқызына «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісі мен Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының алғыс хаты табыс етілді.