БӨРЖАР АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ.

39
Ордабасы ауданында 2025 жылдың 23 ақпан күні Бөржар ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысы бойынша Бөржар ауылдық округінің әкімі болып Курманалиев Самгат Бакытович сайланды. Осыған орай аудан әкімі Азат Оралбаев Бөржар ауылдық округінің активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, аудан әкімі жаңа басшыға үлкен жауапкершілік пен маңызды міндеттер жүктеді. Ауылдық округтің экономикасы мен жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасауды және ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік саласын дамытуға басымдық беріп, халықпен бірлесе отырып, өзекті мәселелерді шешуді тапсырды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Бөржар ауылдық округінің әкімі болып тіркелген Курманалиев Самгат Бакытович ресми түрде өзінің қызметтік міндеттерін орындауға кірісті.
Курманалиев Самгат 1987 жылы 17 қараша күні Ордабасы ауданы, Бөржар ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары: “Алматы экономикалық және статистика” академиясында есеп және аудит мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 13.09.2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Бөржар ауыл округінің бас маман-іс басқарушы болып жұмыс атқарған.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі