ШЫМКЕНТ: КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

22
Көлік кептелісін азайту мақсатында Малқаров көшесін Жабай Тосқаба батыр көшесіне қосу жұмыстары жүргізілді. Өздеріңізге белгілі, Байтұрсынов және Рысқұлов көшелері көлік нөпірі көп магистралдар болып табылады. Осыған орай, Байтұрсынов көшесінен келе жатқан көліктер Рысқұлов немесе Арғынбеков көшелеріне түспей, Малқаров көшесі арқылы тікелей Қазиев көшесіне шыға алады.
 Сондай-ақ, Қазиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне де Малқаров көшесі арқылы өтуге болады. Бұл шешім екі жақты бағытта да қозғалыстың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ көлік ағынын теңестіруге және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Көлік жүргізушілері енді кептеліске тап болмас үшін аталған баламалы жолды пайдалана алады.